Атырау, 23 желтоқсан 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мұнайдан түскен табыс көп

2 826 рет қаралды


Осы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанның мұнайдан түскен кірісі 3,2 трлн  теңге болды және бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 23%-ға жоғары. Ал бұдан бұрынғы жылдарда табыстың мұндай жоғарғы көрсеткіші байқалмаған, дейді Energyprom.kz сараптама агенттігі. 

Агенттіктің мәліметінше, алдын ала белгіленген жоспар бойынша осы жылы мемлекеттік бюджетке түсетін түсім  21%-ға артады және жыл соңында 11,2 млрд теңгені құрауы мүмкін. Яғни алдыңғы үш айда негізгі жоспардың 29%-ы орындалған. Сондай-ақ, салықтан түскен түсімдер де біршама көрінеді. Төрт айда 12%-ға артып, 2,2 трлн теңге болған. Оның ішінде корпоративтік табыс салығының үлесі  — 590,7 млрд теңге (+12%), қосымша құн салығы — 450,9 млрд теңге (+8%), жеке табыс салығы— 253,8 млрд теңге (+5%), әлеуметтік салық үлесі — 184,5 млрд теңге (+2%). Ұлттық банк трансферттерінен түскен түсім  60%-ға артып, 918 трлн теңге болды. Салықтық емес түсімдер 32%ға немесе 117,2 млрд теңгеге дейін артты. 

Агенттіктің мәліметінше, мемлекеттік бюджет кірісінің ішінде  жергілікті бюджеттің көрсеткіші  жаман емес сияқты. Төрт айдағы көрсеткіш - 1,4 трлн теңге. Әдеттегідей жергілікті бюджет кірісі бойынша Алматы көш бастап тұр. Мегапорлистің кірісі - 193,2 млрд теңге. Екінші орында  179,1 млрд теңге табыспен Астана тұр және жылдық жоспардың 39%-ын орындаған. Оңтүстік Қазақстан облысы 146,8 млрд теңгемен үшінші орында. 

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

31 мамыр 2017, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.