Атырау, 21 мамыр 02:30
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Алматыда полиция полковнигі ұйымдасқан қылмысқа қатысты ұсталды

2 585 просмотра


Алматыда аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы мен қылмыстық топтың мүшелері деген күдікпен бірнеше адам ұсталды деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК).

Комитеті ақпаратына қарағанда, Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы полиция полковнигі Қасабеков 30 мамырғңа қараған түні "ұйымдасқан қылмыстық ұйым қызметінің жолын кесу бойынша" арнайы операция кезінде ұсталған.

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасабековтің "қылмыстық ұйыммен байланысы бар". Ал бұл қылмыстық ұйым өкілдері "кәсіпкерлерден қаржы бопсалады, кісі ұрлап, өлтіруді ұйымдастырды, Қазақстан мен Қытай шекарасы арқылы контрабанда арналарын ұйымдастырды" деген күдікке ілінген.

Арнайы қызмет ақпаратында ұсталғандардың саны көрсетілмейді, бірақ жедел іздестіру шарасын жүргізу кезінде "қылмыстық ұйымның жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталғаны" айтылады. Күдіктілерден "атыс қарулары мен оқ-дәрілер тәркіленгені" хабарланды.

Дереккөз: Азаттық

31 мамыр 2017, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.