Атырау, 5 ақпан 17:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

9 079 рет қаралды


Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Бұл күн Қазақстанның тарихында қалған қасіретті күн болды. Себебі, 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтан кейінгі қуғын-сүргін қасіреті қазақ халқына үлкен қайғы әкелді. Бұл кезең біздің халқымыздың ұлттық болмысын түп-тамырымен өзгертіп кеткен оқиға деп айтуға болады. Сол кездегі атақты ғалымдар мен қазақтың зиялы азаматтарының барлығы қудалауға ұшырады.

1997 жылдан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп бекіткені белгілі.

1936-1938 жж. Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген.

Бұл күн жай ғана аталып өтетін атаулы күн емес, халықтың есінде өшпестей орнаған тарихи күн болып қалатыны сөзсіз.

Дереккөз: Baq.kz


31 мамыр 2017, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.