Атырау, 20 мамыр 23:45
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жыл сайын бидай сапасы төмендеп келеді - АШМ

2 062 просмотра


Бүгінде көктемгі егіс науқаны жұмыстары 87 пайызға аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Көктем кеш келгенімен, егіс алқаптарындағы жұмыс қарқыны өткен жылдың деңгейіне жетті», - деп тоқталды ол. Сонымен қатар бірінші вице-министр егістік алқаптарын әртараптандыру жүргізілуде, осы орайда 2021 жылға дейін министрліктер мен әкімдіктер арасында меморандумдар бекітілгенін атап өтті. 

Бұның нәтижесінде сұранысқа ие дақылдар егістері 932 мың гектарға кеңейтілуде. Бұдан бөлек ол еліміздің аумағында бидай сапасына тоқталды.

«Өкінішке қарай, соңғы жылдары бидайдың сапасы жыл сайын төмендеп келеді.  2011 жылы 1-3 санаттағы бидай көлемі 88 пайызды құрады, ал 2016 жылы 45 пайызды қамтыды. Сонымен бірге керісінше сапасы төмен 4-5 санаттағы бидай 2011 жылдағы 10 пайыздан 2016 жылда 41 пайызға дейін артты», - деп түсіндірді Айтуғанов. 

Осыны ескере отырып, биылдан бастап элиталы тұқымдарды субсидиялау қалпына келтірілді. Биыл тұқым шаруашылығына бөлінген қаражат былтырмен салыстырғанда 3,2 есеге артық. Мұнымен қоса, тыңайтқыштарды қолдануды ынталандыру мақсатында субсидиялау тәсілдері өзгертілді. Субсидияланатын тыңайтқыштар саны өткен жылы 85 болса, 2017 жылы 161-ге дейін артты. Бүгінші таңда 200 мың тонна тыңайтқыш алынды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

30 мамыр 2017, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.