Атырау, 23 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

EXPO-2017 ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти және Би-2 концерттерінің билеттері пайда болды

1 854 рет қаралды


Expo-2017 көрмесінің ресми сайтында Limp Bizkit, Эрос Рамазотти, Би-2 және "Мумий Тролль" концерттерінің билеттері сатыла бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

  Сондай-ақ, Black Star (Тимати, L'One, Мот және тағы басқалар), Полина Гагарина және Егор Кридтің концерттеріне билет сатып алуға болады. 

Айта кетейік, EXPO-2017 аясында The Spirit of Tengri, JAZZIA Astana 2017 және MTV телеарнасының концерті өтеді. 

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, EXPO-2017 көрмесіне бару жұмыс күндері - 4 000 теңге, ал демалыс күндері - 6 000 теңге болады. Ал нақты күні көрсетілмеген билеттер 8 000 теңге тұрады. Сонымен қатар, EXPO-2017 аясында КВН ойындарының жазғы кубогі мен Cirque du Soleil шоуы өтеді. EXPO-2017 халықаралық көрмесі өз жұмысын Астанада 10 маусымда бастайды. 

Айта кетейік, көрме кешенінің құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған.

Дереккөз: Tengrinews.kz


29 мамыр 2017, 10:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.