Атырау, 29 наурыз 18:14
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

11 жастағы Өркен Азаматұлының өгей шешесіне қатысты сот үкімі шықты

Бейнежазба
3 027 просмотра


11 жастағы Өркен Азаматұлыны өлтірді деп айыпталған Шарипа Ақбердиеваға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысыны4 қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Өркен Азаматұлының өгей шешесі Шарипа Ақбердиева кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 125-бабы және 132-бабы бойынша айыпты деп танылды. 

Ал оның ұлы Темір Ақбердиев 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Өгей ағасы Қадыржан Гулямов 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Шарипа Ақбердиеваның қызы - Айдана Ақбердиева 16 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Такси жүргізушісі Руслан Муталипов 17 жылға қамалатын болды. Сондай-ақ, оның автокөлігі тәркіленді. Айта кетейік, Өркен Азаматұлының әкесі сот отырысына келмеді. Сотқа өлтірілген Өркен Азаматұлының анасы мен әжесі ғана келді.


Дереккөз: Tengrinews.kz


26 мамыр 2017, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.