Атырау, 23 желтоқсан 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

«Қазақалтын» кәсіпорнынан 21 қап материал ұрланды

2 428 рет қаралды

Фото: Kapital.kz
Ақмола облысында «Қазақалтын» ТКМК» АҚ аумағынан құрамында алтыны бар материал ұрлаған қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Полицейлердің мәліметі бойынша өткен жылдың 5 қыркүйегінде түнгі 03:00-дер шамасында 27 жастағы күдікті өзінің екі сыйбайласымен бірге «Қазақалтын» ТКМК» АҚ аумағына заңсыз кіріп, биг-бег қаптарына салынған құрамында алтыны бар материалды «УАЗ» көлігіне тиеп алып кеткен. Ұрланған материалды Ақсу кентіндегі үйлердің бірінде сақтаған. Полицейлер келесі күні қылмыстың бетін ашып, жалпы салмағы 881 келі болатын ұрланған материалдар салынған 21 қапты тапты. 

Алайда, сол кезде күдіктілерді бірден қылмыстың ізін суытпай ұстауға мүмкіндік болмады. Аталған қылмысқа байланысты ҚР ҚК 188 бабының 4 бөлімі (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілерді ұстау үшін кешенді шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 24 мамырында басты күдікті Алматы қаласында қолға түсті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат



26 мамыр 2017, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.