Атырау, 19 мамыр 09:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сағынтаев медсақтандыру жүйесiне тiркелу кезiнде өткен қателiктердi қайталамауды тапсырды

1 623 просмотра


Бүгiн Үкiмет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев азаматтар мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi үшiн мәртебелерiн растайтынын, осылайша, жұрттың халыққа қызмет көрсету орталықтарына келетiнiн айтты. Сағынтаев азаматтардың дүрлiгуiне жол бермеудi тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазiргi таңда мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандырумен байланысты мәселенiң маңызы артып тұр. Азаматтар жүйеде тiркелiп, өздерiнiң мәртебесiн анықтауы керек. Яғни, азаматтар қайтадан ХҚКО-ға келедi. Мен ақпарат және коммуникациялар министрiне, «Азаматтарға арналған Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына қыста азаматтарды тiркеуге байланысты туындаған жағдайды қайталамауды тапсырамын», - дедi Б.Сағынтаев.

Үкiмет басшысының айтуынша, бұл мәселеде белгiлi бiр тәжiрибе бар.

«Бiз адамдардың тiркелiп, өз қызметтерiн ешқандай дүрлiгусiз қалай алуына болатынын ендi бiлемiз. Жұмысты реттеу үшiн уақыт жеткiлiктi болды деген ойдамын», - деп түйiндедi премьер-министр.

Дереккөз: Baq.kz 

23 мамыр 2017, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.