Атырау, 19 мамыр 10:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Димашқа қолдау көрсетуді Қытайдың мәдени агрессиясы дейтіндер бар - ҚХР елшісі

2 330 просмотра


ҚХР-дің Қазақстандағы елшісі Чжан Ханьхуэй Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы танымалдылығы қытайлық мәдениеттің Қазақстанға деген агрессиясы емес, қарапайым халық арасындағы ерікті түрде мәдениет алмасу екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жақында мен бір газеттен Димаштың Қытайға осындай жетістікке жеткенін және оны барлығы жақсы қарсы алып жатқанын Қытайдың Қазақстанға деген мәдени агрессиясы деп жазғанын көзім шалды. Сіздер маған мұнда логиканың қайда екенін түсіндіріп бере аласыздар ма? Мұны қалай атауға болатынын да білмеймін, бұл, әрине, бұзақылық. Бұл тек қарапайым адамдар арасындағы мәдениет алмасу", - деді Чжан Ханьхуэй. 

ҚХР елшісінің айтуынша, Қытайда қазақстандық әртістер өте танымал әрі ҚХР үкіметі осы мәдени алмасуды қолдайды. 

"Міне, Димаш жалғыз жүріп Қытай территориясында осындай жетістікке жетіп отыр, ал егер актерлер көп болса, сіздер Қытайда ұнамды болып, өз мүдделеріңізді дамыта аласыздар, актерлерден құрылған топтарыңызды қазақстандық мәдени бағдарламасымен жіберсеңіздер болады, сонда біз мұны Қазақстанның Қытайға көрсетіп жатқан мәдени агрессиясы деп есептемейміз", - дейді Чжан Ханьхуэй.  

Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген 21 мамырда концерт беру үшін Шанхай қаласына барған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

23 мамыр 2017, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.