Атырау, 19 мамыр 10:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мектептердің қосымша қызмет көрсеткені үшін түсетін ақыны өздеріне қалдыру қажет - министр Сағадиев

1 431 просмотра


ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің ойынша, жазғы уақытта балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мектеп ғимараттарын барынша тиімді пайдалану қажет. Ал қосымша қызметтен түсетін қаржыны сол мектептердің өздеріне қалдырған жөн, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгінде балалар мектеп жанындағы лагерьлерде тек 10 күн ғана жүре алады. Ал каникулдардың мерізімі - 90 күн. Біздіңше, бұл жерде үлкен резерв бар. Балалар жаз бойы мектеп жанындағы спортық және өзге де лагерьлерге бара алады. Ол үшін не істеу керек? Алдымен тиісті жағдайларды жасау қажет. Одан кейін кәсіби мамандар, еріктілер мен студенттер керек. Бос кабинеттер мен залдар бар. Алайда осының бәрін ұйымдастыру үшін «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізу қажет. Сонда мектептер материалдық-теxникалық базаны өздігімен пайдаланып, жаз бойы балалардың демалысын ұйымдастыра алады. Ал қамқоршылық кеңестері мен ата-аналар бақылау шараларын жүргізеді», - деді Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Министрдің айтуынша, мектептердің қосымша қызмет көрсеткені үшін түсетін ақыны өздеріне қалдыру қажет. Одан бюджетке көп шығын келмейді. 

«Біз осы ұсынысты республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарамыз. Бақытжан Әбдірұлы, сізден қолдау көрсетуіңізді сұраймыз», - деп атап көрсетті министр. 

Айта кетейік, бүгін Ерлан Кенжеғалиұлы жазғы каникулда балалардың демалысын, бос уақыты мен оларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бойынша есеп берді. Биыл 1-11 сынып оқушыларының саны 2 миллион 671 мың баланы құрап отыр. Олардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін республикада 14 мыңға жуық денсаулық лагерьлері мен алаңдар жұмыс істейді. Жазғы лагерьлер 1 миллион 655 баланы, яғни барлық оқушылардың 61 процентін қамти алады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 мамыр 2017, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.