Атырау, 23 желтоқсан 02:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мектеп оқушыларының демалысын ұйымдастыруға 4 млрд теңге бөлінді - Сағадиев

2 132 рет қаралды


Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жазғы каникулда балалардың демалысын, бос уақытын және оларды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жұмыстары бойынша есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Биыл 1-11 сынып оқушыларының саны 2 миллион 671 мың баланы құрап отыр. Олардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін республикада 14 мыңға жуық денсаулық лагерьлері мен алаңдар жұмыс істейді. Жазғы лагерьлер 1 миллион 655 баланы, яғни барлық оқушылардың 61 процентін қамти алады. Каникул кезінде қосымша сабақтар ұйымдастырылады. Ал дарынды балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларының жазғы демалысын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттерден 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді», - дейді Сағадиев. 

Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы әлеуметтік жағынан аз қамтылған балаларды тегін демалыспен қамту көлемі 84,8 процентті құрап отыр. Ол - шамамен 422 мың бала.

Дереккөз: ҚазАқпарат


23 мамыр 2017, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.