Атырау, 23 желтоқсан 02:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

БҒМ мектеп бітірушілердің қымбат көлікпен шеру жасауына тыйым сала алмайды

Бейнежазба
3 025 рет қаралды


Білім министрлігінің мектеп бітірушілердің лимузин жалдап, қызыл кілемге тапсырыс беруіне тыйым салуға қауқары жоқ. Бүгін вице-министр Бибігүл Асылова түлектердің бітіру кешін шабылып өткізуін ата-аналарының қалауына қалдырамыз деді.

 Түлектердің бітіру кешіне білім министрлігі қанша тыйым салдық десе де, жастар жыл сайын сән салтанатпен өткізіп жатады. Түлектер ата-анасының қалтасын қақса да, қымбат кортеж жалдап, сәнді киінуге тырысады. Салонға барып әрленіп, барынша шабылып өткізу соңғы жылдары заңды құбылысқа айналған. Ал, қалтасы таяздау ата-аналар қанша қынжылса да, баласын қатарынан қалтырғысы келмей қалағанын орындауға тырысады. Бітіру кешінің осынша шығынмен өтуін білім министрлігі де қалап отырған жоқ. Вице-министр "мектепте ақша жинауға тыйым салынғанын, ата-аналарға түсіндіргендерін" айтады. Тіпті, түлектердің бітіру кеші тек мектепте ғана өтуін қадағалауды директорлардың құлағына құйып қойыпты. Бірақ, ата-аналар комитеті мектептен тыс жерде салтанатты кеш ұйымдастырса оған тыйым салуға министрліктің де құзыры жүрмейді екен.

 БИБІГҮЛ АСЫЛОВА, ҚР Біілім және ғылым вице-министрі:

- Бітіру кештері мектептің ішінде өтуі тиіс.  Ал, басқа жерде өткізуді ата-аналар комитеті өздері шешіп жатады. Министрлік ақша жинау, қымбат дүниелерді жалға алу сияқты идеяларды қолдамайды. Бірақ, тыйым да сала алмаймыз.


Дереккөз: 31 арна

23 мамыр 2017, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.