Атырау, 18 сәуір 21:14
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Ұлттық банк "Delta Bank" АҚ лицензиясын тоқтатты

2 584 просмотра


ҚР Ұлттық бакні "Delta Bank" АҚ-ның жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашатын лицензиясын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 78 қаулысымен 2017 жылғы 22 мамырдан бастап қоса алғанда 2017 жылғы 15 маусымға дейін "Delta Bank" АҚ-тың жеке және заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясы тоқтатыла тұрады", - деді Ұлттық банктің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұл шешімді Ұлттық Банк банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады. 

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің мәліметінше, лицензия жаңа депозиттерді тартуға және жеке және заңды тұлғалардың жаңа банк шоттарын ашуға қатысты тоқтатыла тұрады және Банктің қолданыстағы депозиттері мен клиенттеріне қызмет көрсетуге қатысы жоқ. 

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша "Delta Bank" АҚ жеке тұлғаларының қабылданған депозиттерінің көлемі 0,6 миллиард теңгені, заңды тұлғалардың депозиттері 115,7 миллиард теңгені құрайды. Банктің депозиттік портфелінің үлесі банк жүйесі депозиттерінің жиынтық көлемінің 0,7 пайызын құрайды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

22 мамыр 2017, 12:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.