Атырау, 23 желтоқсан 04:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елордадағы жезөкшелердің шамамен 80%-і венерологиялық ауруларды жұқтырған

2 293 рет қаралды

Ауру деңгейін төмендету үшін контрацепция құралдары таратылып, ИТВ экспресс-тесттері өткізілуде, деп хабарлайды Elorda.info.

«Астанада жезөкшелер күніне 10-15 клиентке қызмет көрсетеді. Сондықтан ИТВ мен венерологиялық аурулар бойынша статистиканың өсіп келе жатқаны таңқаларлық нәрсе емес. Бізге жүгінетін коммерциялық секс қызметкерлерінің шамамен 80%-і венерологиялық аурулармен ауырады», — деді елордалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес Орталығы эпидемиологының көмекшісі С.Нұрғалиева.

ИТЖ алдын алу мен жыныстық жолмен жұғатын венерологиялық ауруларды жұқтыру деңгейін төмендету жолында ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес Орталығы аптасына екі рет жезөкшелер жиналатын орындарға барып, контрацепция құралдарын таратып, ИТЖ-ға экспресс-тесттер жасайды.

Орталық мамандарының айтуынша, «сенім кабинетінде» жезөкшелер анонимді негізде дерматолог пен гинекологта тегін емделіп, ИТЖ/ЖИТС-ке тексеріле алады.

Дереккөз: Elorda.info

19 мамыр 2017, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.