Атырау, 17 мамыр 10:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Fight Nights: Ресейлік спортшы салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандыққа соққы жасады

Бейнежазба
1 591 просмотра


Fight Nights Global чемпиондық титулына талас жекпе-жегінің алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде аралас жекпе-жектен ресейлік спортшы Вартан Асатрян қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа соққы жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі 19 мамырда Астанада өтетін Fight Nights Global 65 турнирінің басты кездесуі болады. Жалпы 12 жекпе-жек өтеді деп жоспарланған. Турнир 18.00-де басталып, оны "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Салмақ өлшеу рәсімінде Асатрян мен Жұмағұлов көз арбасу рәсімінде ерегесіп қалды. Видеода ресейліктің қарсыласына соққы жасағанын анық көруге болады. "Ертең Астанада қызықтың көкесі болады, қымбатты достар!" - деп пікір білдірді Жұмағұлов пен Асатрянның ерегесі жайлы ринг-анонсер Александр Загорский.

Дереккөз: Vesti.kz

19 мамыр 2017, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.