Атырау, 23 желтоқсан 04:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Дәурен Абаев Халық банк пен Қазком мәмілесі туралы: мұндай дүниелерді жариялауға болмайды

2 015 рет қаралды


ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Халық банк пен Қазкоммерцбанк арасындағы болуы ықтимал мәмілеге қатысты нақты нәтиже болмайынша, ақпарат таратып, жұртты дүрліктіруге болмайды деп есептейді. 

«Банктердің бірігуі - қалыпты процесс. Ел тұрғындары өз депозиттерін жоғалтып аламыз деп қорықпауы керек. Бәлкім, халық өткен тәжірибелерге қарап, уайымдап отырған шығар. Мұндай уайым мен күдікке еш негіз жоқ. Ең негізгісін атап өткім келеді: Қазком да, Халық банк те Қазақстан азаматтарының салымдарын кепілдендіру қорының қатысушылары. Сол себепті, ешқандай сұрақтар мен алаңдаушылықтар туындамауы тиіс. Нақты нәтижеге қол жеткізбейінше, мұндай дүниелерді жариялауға, жарнамалауға болмайтынын түсінуіміз қажет. Бұл енді коммерциялық құпия деп аталатын бөлек мәселе», - деді министр «Хабар» телеарнасындағы «Открытый диалог» жобасы аясында. 

«Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың айтуынша, егер мәміле жүзеге асса, Халық банк Қазкомды сатып алып, өзінің еншілес банкіне айналдырады. 

«Әзірге Қазкоммен нақты келісімшарт жасалған жоқ. Мамырдың соңында мәміле аяқталады деп жоспарланған еді, алайда бұл мерзім кейінге шегерілді. Қазір Казкомның жұмыс параметрлері тексеріліп жатыр. Сырттан аудитор, консультант шақырдық. Сондай-ақ, Ұлттық банктен кеңес алып жатырмыз», - деді Ү. Шаяхметова.

Дереккөз: ҚазАқпарат


19 мамыр 2017, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.