Атырау, 17 мамыр 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстандықтар Батырхан Шүкеновті еске алуда

Бейнежазба
2 595 просмотра


Бүгін әнші Батырхан Шүкеновтың туған күні. Талантты өнер иесі биыл 55 жасқа толар еді... Қазақстандықтар бүгін әншіні, оның қайталанбас өнерін еске алуда, деп хабарлайды Baq.kz.

«Батырxан бүгін 55-ке толар еді... Менің әрбір таңым Батырдың әндерімен басталады. Машинамда үнемі қосулы тұратын таспа - Батыр. Бұл музыканттың бізге қалдырған мұрасы әлі өзінің толық бағасын алған жоқ. Бір нәрсе анық - Батырдай талғампаз, сезімтал, джаз интеллектуалы бізде жоқ. Әзірге болмайды да. Мұндай талантты өсіру үшін «топырақты жаңадан қопсытып, құнарландыру қажет», яғни орта жоқ», - деп еске алады белгілі журналист Дана Нұржігіт.

Шүкеновтің өнеріне тәнті жас әншілердің бірі, «Қазақстан дауысы» жобасының қатысушысы Тұрғанәлі де әнші туралы лебізін білдіріпті.

«Осындай біртуар аты аңызға айналған жерлесім - Батыр ағаммен бір күнде туғаныма Аллаға мың шүкір! Өнердегі жолын берсін! Батыр аға туған күніңізбен, сіз арқашан біздің жүрегіміздесіз!», - деп жазды ол.

Батырхан Шүкенов - аз ғұмырында соңына мол мұра қалдырған өнер иелерінің бірі. Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітірген ол шығармашылық жолын әнші Роза Рымбаеваның саксафоншысы болудан бастаған.

Әнші 2002 жылы өзінің алғашқы «Отан ана» атты жеке альбомын шығарды.

2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі болды.

2009 жылы ол ЮНИСЕФ-тің тұңғыш қазақстандық Ізгілік елшісі болып сайланған.

Айта кетейік, жақында Батырхан Шүкеновтің әніне түсірілген жаңа бейнебаян жарыққа шыққан болатын.

Естеріңізге салып өтсек, әнші Батырхан Шүкенов 2015 жылдың сәуірінде Мәскеуде жүрек талмасынан қайтыс болды.


Дереккөз: Baq.kz

18 мамыр 2017, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.