Атырау, 17 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Зейнетақы қоры қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

3 764 просмотра


"БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Нұрбүбі Наурызбаева Tengrinews.kz порталында өтіп жатқан онлайн конференция кезінде зейнетақы қорының қызметкерлері қанша жалақы алатынын айтты.  

Жалақы көлемі біз ойлағанда көп емес. "2014 жылы қор қызметкерлерінің орташа жалақысы - 116 380 теңге, 2015 жылы - 163 732 теңге, 2016 жылы 166 542 теңге болды", - деп мәлімдеді зейнетақы қоры. Зейнетақы қорының мәліметінше, 2013 жылы БЖЗҚ құрылғаннан кейін қызметкерлердің салықты қоса алғандағы орташа жалақысы туралы ақпарат 2014 жылдан бері ұсынылып келеді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 1 қаңтарында штатта 2302 қызметкер болған. Ал 2 мамырдан бері БЖЗҚ-да 2012 адам жұмыс істеп жатыр.

Бұдан бөлек зейнетақы қорының кеңсе орындарын қанша жалдайтыны да белгілі болды. Сонымен қор 2014 жылы Қазақстан Республикасында орналасқан 23 мың шаршы метр аумақ үшін 592,4 млн теңге, 2015 жылы 28,1 мың шаршы метр аумаққа  — 823,2 млн теңге,  2016 жылы 28,1 шаршы метрге 1 026,8 млн теңге төленген. "БЖЗҚ-ның жекеменшік ғимараты жоқ екенін айта кету керек (Астанадағы аумағы 247,8 шаршы метрді құрайтын ғимаратты қоспағанда) айта кету керек. Қор жыл сайын кеңсе ғимараттарын жалдауға байланысты конкурстар өткізеді. Қазіргі кезде республика бойынша 231 қызмет көрсету орталығы бар", - дейді Нұрбүбі Наурызбаева. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


18 мамыр 2017, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.