Атырау, 23 желтоқсан 04:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Димаш Құдайберген атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті

2 802 рет қаралды


Бүгін отандасымыз Димаш Құдайберген Францияда өтіп жатқан атақты Канн фестивалінің қызыл кілемінен жүріп өтті. Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов өзінің Фейсбуктағы жеке парақшасында жазды. 

Айта кетейік, Канн кинофестивалінің 70 жылдығы аясында тұңғыш рет қазақстандық киноға арналған ұлттық павильон ашылады. Аталған павильон ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің қолдауымен орнатылған болатын. Биылғы Канн фестивалі аты аңызға айналған Клаудия Кардиналеге арналады. Клаудия Кардинале - белгілі италиялық актриса. Ол "Фицкарральдо", "Сегіз жарым" сияқты көптеген кинокартинада ойнаған.


Дереккөз: ҚазАқпарат


18 мамыр 2017, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.