Атырау, 17 мамыр 12:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сирия келiссөздерi EXPO-2017 кезiнде өтедi – СIМ

1 130 просмотра


Сирия келiссөздерiнiң келесi кезеңi шiлде айының ортасында, яғни EXPO-2017 халықаралық көрмесi кезiнде өтедi. Бұл туралы ҚР Сыртқы iстер министрi Қайрат Әбдiрахманов Үкiметте өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз Астана процесiнiң кепiл мемлекеттерiмен жұмысты белсендi түрде жалғастырып келемiз. Алдыңғы отырыста бекiтiлгендей, кепiл мемлекеттер - Ресей, Түркия, Иран қол қойған сәйкес меморандумда белгiленгендей, келiссөздердiң келесi кезеңi биылғы жылдың шiлде айының ортасында өтедi. Кездесу алдында Анкарада сарапшылардың жиыны болады. Осы жұмыс кестесi өзгерiссiз қалып отыр. Бiз келесi кезеңге дайындалып жатырмыз», - дедi министр.

Қайрат Әбдiрахманов келiссөздердiң өтетiн күндерiн нақтылаған жоқ. Дегенмен, ол Астана процесiнiң EXPO-2017 көрмесi кезiнде өтуiне ешқандай кедергi жоқ дедi. Сондықтан, кездесудiң уақыты мен орны өзгермейдi. Министрдiң айтуынша, EXPO аясында өз алаңында Астана процесiнiң кезектi кездесуiн өткiзуге Қазақстанның әлеуетi жеткiлiктi.

Атап өтсек, бұған дейiн Астанада Сириядағы қақтығысты тоқтату мақсатында халықаралық деңгейде бiрнеше кездесу өткен болатын.

Дереккөз: Baq.kz

18 мамыр 2017, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.