Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жезқазғанда ер адам сот ғимаратында өзін пышақтап тастады

2 264 рет қаралды


"Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы қызметкері Жезқазған қаласының сот ғимаратында өзін пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ашуға мінген ер адам пышақ ұстап, сот ғимаратында осымен бірнише минут бойы тұр, оны ешкім тоқтатқысы келмейді де, жедел көмек көрсету ешкімнің ойына да кіріп-шықпайды...", - деп хабарлады әлеуметтік желіде куәгер.

Ер адам видеода өзін-өзі тілгілеп тастайды. Алайда оның қандай талабы бар екені әзірше белгісіз. Облыстық соттағылардың айтуынша, ер адам "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы қызметкері. 

"Ол "Қазақмыс" корпорациясының экс-қызметкері. Оқиғаның мән-жайын қазір анықтап жатырмыз", - деді ведомстводағылар.  

"1989 жылғы ер адам Жезқазғанның орталық ауруханасында. Ол іш қуысын тілгілеп тастаған. Оған ем көрсетілді, қазір науқас дәрігерлердің қарауында. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады өз кезегінде денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса. 

Ал "Қазақмыс" корпорациясының өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартып отыр.

Видеода жағымсыз көріністер бар, +18

Дереккөз: Tengrinews.kz

17 мамыр 2017, 16:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.