Атырау, 18 мамыр 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Депутаттар проблемалық банкке инвестиция салған БЖЗҚ өкілдерін жазалауды ұсынды

1 407 просмотра


Парламент Мәжілісіндегі «Ақ Жол» фракциясының депутаттары Әзербайжанның проблемалық банкіне инвестициялау туралы шешім қабылдаған БЖЗҚ-ның лауазымды қызметкерлерін жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2014 жылдың күзінде БЖЗҚ қаржысына Әзербайжанның халықаралық банкінің 70 млрд-тан астам теңге сомасындағы облигацияларын негізсіз сатып алу фактісін анықтаған тәуелсіз сарапшы Рахым Ошақбаев «Ақ жол» партиясының өкілдерімен жүздесті. Бұдан бұрын біздің фракция Казинвестбанкті лицензиясынан айыру барысында қауіптілік дәлізінде қалған 3 млрд. теңгеге тарта сомадағы БЖЗҚ қаржысына қатысты үндеу жасаған болатын. Сол кезде БЖЗҚ басшылығымен 5 млрд. теңгеге KASE-де күмәнді эмитетпен бағалы қағаздарды алу фактісі анықталған еді»,-деді мәжілісмен Азат Перуашев ҚР Ұлттық банк басшысына арналған депутаттық сауалында. 

Оның пайымынша, осы мысалдардың барлығы азаматтардың зейнетақылық жинақтары бойынша немқұрайдылық мен жауапсыздықты көрсетіп отыр. «Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы аталған банкке инвестиция салу туралы шешім қабылдаған БЖЗҚ-ның лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуды ұсынады»,-деп атап өтті Перуашев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 мамыр 2017, 16:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.