Атырау, 18 мамыр 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстандықтар мамыр айында бағаның өсуін күтуде - ҚР Ұлттық банк

1 742 просмотра


Респонденттердің 53%-ы 2017 жылғы мамырда баға өсуін күтуде, олардың көпшілігі баға аздап өседі деп болжайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі таратқан хабарламада келтірілген. 

Халықтың келесі 12 айда баға өсуіне қатысты күтулері наурызбен салыстырғанда шамамен өсті. Бір жылдан кейін инфляцияның деңгейін 10%-дан жоғары бағалайтындардың үлесі біршама өсуіне қарамастан, баға өсіміне 10%-дан кем бағалайтындардың үлесі пікіртерім өткізудің басынан бері (2016 жылғы қаңтар) жоғарғы деңгейде тұр. Болашақтағы инфляцияны 6-10%-дық аралықта бағалайтындардың үлесі 23%-дан 28%-ға дейін өскенін атап ерекше өткен жөн, делінген хабарламада. 

2017 жылғы сәуірде квантификацияның ықтималдылық әдісінің көмегімен есептелген инфляциялық күтулер кейбір ұлғайтуларға қарамастан жеткілікті түрде тұрақты болып қалып отыр. Мәселен, сұрау салудың нәтижелері бойынша бір жыл бұрын инфляцияны сандық бағалау 2017 жылғы наурызбен салыстырғанда 0,3 п.т. ұлғайып,  6,4%-ды құрады және  2018 жылға 5-7% нысаналы дәліз ішінде тұр. Сәуірде халық арасында инфляциялық күтулерді бағалау бойынша жүргізілген пікіртерімнің нәтижелері бойынша қабылданатын жылдық инфляция және өткен айдағы инфляция тұрақты деңгейде болып отыр. Пікіртерімге қатысушылар инфляцияның негізгі көзі ретінде тамақ өнімдері бағасының өсуін атап өтеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат


17 мамыр 2017, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.