Атырау, 23 желтоқсан 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанға уранды артығымен өндіріп нарыққа шығарудың қажеті жоқ - Бозымбаев

1 893 рет қаралды


Қазақстанға уранды артығымен өндіріп нарыққа шығарудың қажеті жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазақстан биыл уран өндіру көлемін 10 пайызға төмендетеді. Ол өз нәтижесін беріп те жатыр. Уранның әлемдік нарықтағы бағасы көтерілуде. Ал енді жыл соңына дейін қандай процесстер болатындығына талдау жасағанымыздан кейін тиісті шешім қабылдауға нақты мүмкіндік аламыз. Қазір демпинг жасауға, уранды артығымен өндіріп, нарыққа шығаруға  ешқандай мүмкіндік жоқ және қажет те емес», - деді министр депутаттардың сауалына орай. 

Айта кетейік, 2016 жылы уран өндірісінің көлемі 24 070 тоннаны құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 76 пайызға өсім көрсетті.   Ал 2017 жылдың қаңтарында республикада уран өндірісінің көлемін 10 пайызға яғни, 22 мың тоннаға дейін төмендету туралы шешімі қабылданды. Бұл әлемдік өндірістің 3  пайызын құрайды. Осы шешімнің нәтижесінде әлемдік нарықтағы уран бағасы  20 пайызға  қымбаттап отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан барланған уран қоры бойынша әлемде екінші орында тұр.  Барланған әлемдік қордың шамамен 12 пайызы еліміздің жер қойнауында шоғырланған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 мамыр 2017, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.