Атырау, 7 мамыр 13:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Елордалық оралмандарды мемлекеттік қордан тұрғын үй кезегінен алып тастауы мүмкін

1 774 просмотра


Мемлекеттік қордан тұрғын үйге кезектен елордалық оралмандарды алып тастауы мүмкін. Сондай-ақ тізімнен жеке кезекке қойылатын әскери қызметшілерді алып тастау мәселесі тұр. Оларға жеңілдікпен кредиттеу жағдайы ойластырылуы мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Мемлекеттік қордан тұрғын үйге кезекке тұрған репартианттарды кезек    тізімінен алып тастауды ұсынды, деп хабарлады мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов. 

«Біз үкіметке бірнеше рет ұсыныс тастадық, әлі күнге дейін бұл санатты кезектен алып тастау қажеттігін талап етіп келеміз. Бұл ұсынысымызды үкімет қазір белсенді талқылау үстінде», - деді Р. Ахметов. 

Оның айтуынша, мүлікті иеліктен айырған сәттен бастап бесжылдық мерзімге қатысты мәселені Астана әкімімен талқылауда. «Егер адам мемлекеттік қордан бір кездері пәтер алса, оны тағы бір үй алудан шектеу қажет», - деп атап өтті ол. 

Квота бойынша оралмандар Қазақстан аумағында тұрғын үй орнына ақшалай өтемақы алуға құқық беретін өңірлердің біріне бара алатыны белгілі. Оны дерекқорға тіркеу мүмкін емес, содан кейін олар  елордаға келеді де, тұрғын алуға кезекке тұрады. Тұрғын үй басқармасына кезекке тұрған кезде бірінші кезекте оның кемінде үш жыл астанада тіркеуде тұрғаны, республика аумағында үйінің бар-жоғы  тексеріледі. 

«Вечерняя Астана» газетінің хабарлауынша, бұдан басқа тұрғын үйге тізімнен  жеке кезекке қойылатын әскери қызметшілерді де алып тастау мәселесі қаралмақ. Оларға жеңілдікпен кредиттеу жағдайы ойластырылады.    Осылайша басқарма кезекте тұрғандар санын екі есе қысқартуға ниетті. 

Бүгінде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтерге мұқтаж жандар саны 45 516. Оралмандар - көрші елдерден Қазақстанға қоныстанған репатриант қазақтар   (Өзбекстан, Қытай, Моңголия, Түркмения, Ресей, Қырғызстан), сондай-ақ  Азияның бірқатар  (Иран, Ауғанстан, Пәкістан және т.б.) елдерінен келген. Ресми деректерге сәйкес, 25 жылда (1991 жылдан бастап 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) Қазақстанға 957 764 оралман келген. Егер олардың ұрпақтарын, сондай-ақ қоныс аудару бойынша мемлекеттік бағдарламаның көмегінсіз келгендерді ескерсек, 1 млн-нан асып кетеді (республика қазақтарының 10 пайызы). 

Оралмандардың ең көп шоғырланған жері Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облысы, оның ішінде Жаңаөзен, сондай-ақ Алматы, Астана және Тараз қалалары. 2014 жылдан бастап Астана мен  Алматы қалаларына шет елден келген қазақтардың қоныс аударуына шектеу қойылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 мамыр 2017, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.