Атырау, 23 желтоқсан 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ІІМ ҰҚК Шекара қызметі Академиясынан тапаншалардың ұрлану дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр

2 501 рет қаралды


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Академиясынан 10 тапаншаның ұрлану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтты. 

"Оқу ғимаратында жаттығу атыстарынан кейін тапаншалар ұрланған. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді және атыс қаруының ұрлану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алмас Сәдубаев. 

Қазіргі уақытта осы қылмысты ашуға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz


12 мамыр 2017, 16:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.