Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Маңғыстауда белгісіз топ отбасына оқ жаудырған

2 387 просмотра


Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бетін тұмшалағандар тіпті бесіктегі 9 айлық сәби, аяғы ауыр келіншек пен өзге де балалардың болғанына да қарамаған.

Үй иесінің айтуынша, келген басбұзарлардың ішімдік ішкені байқалған. Белгісіз топ мүшелері үйге кірмеген, терезеден тоқтаусыз оқ жаудырып, тас лақтырған. Бұл кезде үйде қырықтар шамасындағы отағасы, екі жасөспірім қыз, жүкті келіні мен құндақтаулы сәби болған. Бұзақылардың бірі ұялы телефонын үйдің маңында түсіріп алыпты. Зардап шеккендер бірден Қарақия аудандық Ішкі істер бөліміне шағымданған. Аты-жөндері белгілі болған алты күдікті әлі ұсталған жоқ.

САНДУҒАШ НІЛҒАЛИЕВА, үйдің иесі:

- Кетіп бара жатып бандылардың біреуі ұялы телефонын түсіріп алған. Полицейлер ол Өзеннің жігіті екенін біліп отыр. Бұрын сотталған. Бірақ сонда да әлі ұстай алмай отыр. Бүгінгі күнге дейін ешкім ұсталған жоқ. Ол жерде 7-8 ер адам жүрді үйді шыр айналып.

Дереккөз: Baq.kz 

12 мамыр 2017, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.