Атырау, 23 желтоқсан 05:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан алтын қоры жөнінен әлемде 21-орында

2 641 рет қаралды


Қазақстан ең ірі алтын қоры бар 100 елдің рейтингінде 21-орнын сақтап қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл рейтингті "World Gold Council" сарапшылары жасаған. Халықаралық сарапшылар ұйымының мәліметінше, Қазақстанда 267,7 тонна алтын бар, оның елдегі алтынвалюта резервіндегі үлесі 35,7 пайызға тең.  Рейтингте АҚШ 8133,5 тонна алтынымен көш бастап тұр. Оның алтынвалюта резервіндегі үлесі 75,1 пайыз. Одан кейін Германия (3377,9 тонна), Италия (2451,8 тонна), Франция (2435,9) елдері тұр. Алтыншы орынға Қытай 1842,6 тоннасымен жайғасты.  

Посткеңестік елдердің ішінде алтыны ең көп ел Ресей - 7-орында. Беларусь - 48-орында.

Дереккөз: Tengrinews.kz


12 мамыр 2017, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.