Атырау, 19 мамыр 05:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда сот мұсылман уағызшысының бас бостандығын 5 жылға шектеді

3 981 просмотра


Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты мұсылман уағызшысы, 33 жастағы тұрғын Денис Коржавинді діни алауыздықты қоздырды деп айыптап, бес жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды. Коржавинді соттауға оның әлеуметтік желіде "Үш негіз" деп аталатын діни кітаптың мазмұнын араб тілінен орыс тіліне дәріс түрінде аударып жариялауы себеп болды. Қазақстанда бұл кітапқа 2011 жылы тыйым салынған.

18 ақпаннан бері тергеу абақтысында отырған Коржавин сот залынан босатылды. Сот бүгін басталып, бүгін аяқталды.

Сот Коржавинге сот үкімі күшіне енетін 15 күнге дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат жазу түрінде бұлтартпау шарасын белгіледі. Сот күшіне енгеннен бастап 10 күн ішінде ол жергілікті пробациялық бақылау органына есепке тұруы тиіс.

Коржавинге үкім Алматы қалалық прокуратурасымен жасалған процессуалдық келісім нәтижесінде шығарылды. Процессуалдық келісім соталды тергеу барысында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің тергеушісі Алексей Чапурин арқылы жасалған.

Сот аяқталған соң Денис Коржавин мен оның адвокаты Руслан Жаниев Азаттыққа сот үкіміне шағымданбайтынын айтты.

Дереккөз: Азаттық

11 мамыр 2017, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.