Атырау, 6 ақпан 03:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

Елбасы «National Geographic» телеарнасына сұхбат берді

2 253 рет қаралды

Фото: Аkorda.kz
Қазақстан Президенті «National Geographic» телеарнасы өкілдерімен кездесу барысында Астана қаласының қалыптасу тарихы, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзектілігі туралы айтты, сондай-ақ көрме жұмысы аяқталған соң оның нысандарын елорда инфрақұрылымына пайдалануға қатысты сауалдарға жауап берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ғылыми-иннновациялық дамуы жолындағы ауқымды шара ретінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің маңыздылығын атап өтті. Таза энергетика, «жасыл экономика және ІТ салаларындағы жаңа әзірлемелер мен технологиялар көрменің мұрасына айналатын болады. Сұхбат «National Geographic» телеарнасының «Мегақұрылыстар: Астана. Болашақтың қаласы» деректі фильмін түсіруге дайындық жұмыстары аясында өткізілді.

Дереккөз: Аkorda.kz 

4 мамыр 2017, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.