Атырау, 23 желтоқсан 09:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Геннадий жеңген боксшыларды Қанат та жеңеді – Бақтияр Артаев

3 374 рет қаралды


Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев кәсіпқой боксшылар Қанат Ислам мен Геннадий Головкинді салыстыруға болмайтынын айтты.

«Оларды салыстыру – араңдатушылық. Қанат – ерекше тұлға. Оны Генамен салыстыруға болмайды. Неге? Себебі ол – өз халқының, өз отанының жақтаушысы. Қанат қашан да өз еліне, өз жеріне тиесілі екенін айтып жүреді. Бұл тұрғыда біздің бір спортшымыз да ол сияқты бола алмайды. Ал Генамен қай жерлерін салыстырамыз? Қабілеттерін бе? Гена жеңген боксшыларды Қанат та жеңе алады. Бірақ бәрі уақытымен келеді», - деді Артаев.

Естеріңізге сала кетсек, Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 26 мамырда Флоридада мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізеді. Ал Геннадий Головкин болса, қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады деп жоспарлануда.

Дереккөз: Вaq.kz 

4 мамыр 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.