Атырау, 13 мамыр 07:34
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Нығматулин алатаяққа салынған тыйым туралы әзілдеді

1 760 просмотра


Парламент Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстан полицейлеріне алатаяқты қолдануға салынған тыйымға қатысты әзілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Барлық комитетте талқыланды. Қанат Сергеевич (Мәжіліс депутаты Мусин) айтқан барлық нормалар Ішкі істер министрлігімен біріге жасалған. Өте күрделі тақырып, барлығымыз жол қозғалысына қатыстымыз. Бізде үш салада маман жеткілікті: футболда, саясат пен жол қозғалысында", - дейді Нығматулин. 

Ол алатаяқты қолдануға тыйым салынғалы Қазақстан азаматтары арасында дау туғанын атап өтті. 

"Сондықтан одан ешқайда кете алмаймыз, алатаяққа тыйым салынғалы осындай дау жүріп жатыр. (...) Қазір бұған қатысты: "Бұрын жол полициясына бойдың ұзындығына қарап алушы еді, қазір қолының ұзындығына қарайды, қолы алыстан көріну үшін" деп әзілдеп жатыр", - дейді Мәжіліс төрағасы.  

Еске салайық, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов жол қозғалысын реттеушілерге алатаяқты қайтару мәселесін қарастыратындығын айтқан.  Сондай-ақ, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха жол қозғалысын реттеушілерге алатаяқты қайтару керектігін айтты.

Дереккөз: Tengrinews.kz

3 мамыр 2017, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.