Атырау, 2 мамыр 04:49
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жеңіс күніне арналған мерекелік лента халықтық акцияға айналуда

5 738 просмотра

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған ұлттық нақыштағы мерекелік лента халықтық акцияға айналып келеді. Мереке күні қарсаңында аталған «Жеңіс лентасы» акциясын қолдаушылар саны арта түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Айта кетерлігі, Астанада Жеңіс күні қарсаңында ел игілігі мен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін өз өмірін қиған жандарды, соғыс жылдарын және олардың ерліктерін есте сақтап қалуға бағытталған «Жеңіс лентасы» жыл сайынғы шарасы ұйымдастырылады. Биыл патриоттық акция аясында ленталар 6-9 мамырда сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін қаланың бірнеше нүктесінде, соның ішінде «Бәйтерек» монументінің, «Хан Шатыр», «Mega Silk way» сауда ойын-сауық орталықтарының маңында, қалалық алаңда және Студенттер саябағында таратылады. 

Тоқтала кететін жайт, Қазақстанда Жеңіс күнін мерекелеудің символын жасау мақсатында жаңа патриоттық лента жасалды. 2015 жылы Жеңіс лентасы ресми жаңартылып, жаңа дизайнда таныстырылған болатын. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 мамыр 2017, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.