Атырау, 2 мамыр 07:12
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтеді

1 875 просмотра


Астанада 2017 жылғы 22-25 маусым аралығында Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайы өтеді. Іс-шараның аңдатпасы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі. 

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы президиумы төрағасының орынбасары Сұлтанәлі Балғабаевтың айтуынша, бұл құрылтайда шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын қаржыландыру, басқа да көмектер көрсету, шетелдегі қазақ жастарын Қазақстанға білім алуға шақыру мәселелері қаралатын болады. 

«Құрылтайдың мақсаты - шетелдегі қазақтарды Қазақстанға қоныс аударуға ынталандырып, олардың қажеттіліктерін анықтау», - деді Балғабаев. 

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, биылғы құрылтайға негізінен, түрлі салаларда жетістіктерге жеткен шетелдегі жас қазақтар шақырылуда. Жер бетіндегі қалың қазақтың арман-үміттері айтылып, талқыланатын Құрылтайға әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 350  адам және бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатыспақ. 

Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы 1992 жылы - Алматыда, екіншісі 2002 жылы Түркістанда өтті. Кейін құрылтайға қатысушылар  Астанада (2005 және 2011 жылы) бас қосты. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 мамыр 2017, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.