Атырау, 2 мамыр 09:17
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы отставкаға кетті

1 980 просмотра


Инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов (суретте) қызметінен кетті деп хабарлады бүгін Астанада журналистерге инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Оның сөзінше, Сейдахметов "өз еркімен қызметінен кету" туралы өтінішін екі күн бұрын жазған. Министр Сейдахметовтің не үшін отставкаға кеткенін нақтыламады.

Өткен айда көліктегі бас прокуратура министр Қасымбекке азаматтық авиация комитеті төрағасының өз қызметіне лайықтылығы мәселесін қарастыруды тапсырған. Прокуратура азаматтық авиациядағы ұшақтардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тексеріс қорытындысында бірқатар заң бұзушылық анықталғанын мәлімдеген.

Дереккөз: Азаттық

2 мамыр 2017, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.