Атырау, 2 мамыр 11:58
 ашықВ Атырау +24
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

СІМ ауған елшісінің әрекетіне қатысты түсініктеме берді

2 550 просмотра


Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Бараки Астана әуежайында қалжыңдаймын деп басы бәлеге қалған болатын. Осы жағдайға қатысты Үкімет отырысынан кейін Сыртқы істер вице-министрі Мұхтар Тілеуберді (суретте) түсініктеме берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елші мырза өзін дұрыс ұстаған жоқ. Ол кеденшілердің «сөмкеде не бар?» деген сұрағына «бомба бар» деп жауап берген. Әрине, біздің арнайы қызмет өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде азаматтың Қазақстандағы Ауғанстан елшісі екендігі анықталды. Тиісті тексерістен кейін оқиға аяқталды. Елші Алматыға ұшып кетті», - деді ол.

Сонымен қатар вице-министр шетелдегі дипломанттарға өзінің ақыл-кеңесін берді.

«Әрине, әрбір елші бөтен елде болған кезде, сол мемлекеттің заңын құрметтеп, қарапайым этикетті сақтауы қажет. Елші өзін дұрыс ұстаған жоқ. Қос елдің Сыртқы істер министрлігі арасында осындай жағдай қайталанбас үшін тиісті жұмыстар жүргізіледі», - деді ол.

Сөз соңында Мұхтар Тілеуберді елшінің әрекетіне қатысты Ауғанстанға наразылық нотасы жіберілмейтіндігін айтып өтті.

«Біздің арнайы қызмет өкілдерінен қатаң нұсқаулық болмағаннан кейін, әрі оқиға шарықтау шегіне жеткен соң наразылық нотасы жіберілмейді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Бараки Астана халықаралық әуежайында қалжыңдаймын деп басы бәлеге қалған болатын. «Сөмкемде бомба бар» деп әзілдеген дипломат үш сағат бойы қамауда отырған.

Дереккөз: Baq.kz

2 мамыр 2017, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.