Атырау, 22 желтоқсан 12:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Сирия үкіметінің делегациясы Астанаға келді

1 765 рет қаралды


БҰҰ жанындағы Сирияның тұрақты өкілі Башар Джаафари бастаған Сирия үкіметінің делегациясы және БҰҰ сарапшылары Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі халықаралық кездесуге қатысу үшін Астанаға келді.  Кездесуді 3-4 мамырда өткізу көзделіп отыр. Бұл туралы ТАСС тілшісіне Қазақстан Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады. 

«Астанадағы келіссөзге қатысу үшін Башар Джаафари бастаған Сирия үкіметінің делегациясы және  БҰҰ сарапшыларының делегациясы келді»,- деп мәлім етті Жайнақов телефон арқылы. 

Сириядағы жағдайды реттеу бойынша жоғары деңгейдегі төртінші халықаралық кездесу Қазақстан астанасында 3 және 4 мамырда өтеді. Оның алдында, 2 мамырда сарапшылар деңгейіндегі кездесу жоспарланып отыр. 

Бұдан бұрынғы 14 және 15 наурызда болған   халықаралық  кездесуге Сириядағы ұрыс қимылдарының тоқтатылуына бірлесе кепіл болатын елдер (Ресей, Түркия және Иран) делегациясы, сондай-ақ БҰҰ, Иордания, АҚШ, Сирия үкіметінің өкілдері қатысқан еді.   

Дереккөз: ҚазАқпарат

2 мамыр 2017, 09:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.