Атырау, 10 мамыр 08:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Астана әуежайында ауған дипломаты жараспайтын әзіл айтып, басы бәлеге қалды

1 504 просмотра


1 мамырда Астана әуежайында Ауғанстан Ислам республикасының Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Бараки бірнеше сағат бойы тәртіп сақшыларының алдында түсінік беруге мәжбүр болды. Ол қызмет мерзімі аяқталғандықтан, Кабулға бет алған, - деп хабарлайды Afghanistan.ru. 

Ауғанның 1TV арнасының мәліметінше, Мохаммад Фарук Бараки кеденшілердің "Жүкте не бар?" деген сұрағына "Жарылғыш зат бар" деп айтқаны үшін ұсталған. Экс-елшінің бұл сөзі төтенше шаралар қолдануға себеп болған. Әуежайдың кіреберісі қоршауға алынып, оқиға орнына арнайы қызметтің 100 қызметшісі барған. Дипломат үш сағат бойы қамауда болып, Қазақстан СІМ қызметкерлері араша түскеннен кейін ғана босатылған.  

Бұрынғы елші әлеуметтік желіде осы оқиға жайлы білдірген пікірінде "бір сұрақты бірнеше рет қойды" және "әзілді түсінбеді" деп бар жауапкершілікті әуежай қызметкерлеріне артып отыр. Ал Ауғанстан СІМ өкілдері бұл оқиғаға қатысты әзірше пікір білдірген жоқ.

Дереккөз: Тengrinews.kz 

2 мамыр 2017, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.