Атырау, 5 мамыр 12:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Дене шынықтыру пәні мұғалімі полицей әйел соққыға жығылған сәтте неге ажыратпағанын түсіндірді

Бейнежазба
3 599 просмотра


Алматыда полицей әйел соққыға жығылған мектептің өкілдері оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мектептегілердің айтуынша, бұл оқиға 21 сәуірде сағат 16.30-да болған. №114 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Гүлнұр Болат осы оқиғаның куәгері болыпты. 

"Осы уақытта мен бастауыш сыныптың балаларымен жұмыс жүргізіп жатқанмын. Сосын инспектор хабарласып, мектептің артқы ауласына шығуымды сұрады. Барсам, ер адам мен инспектор жалжалдасып жатыр екен. Ер адам итімен тұмсық торсыз жүрген. Оның үстіне мектеп ауласындағы ағаштардың бұтақтарын кесіпті. Осыған байланысты мектеп инспекторы оған ескерту жасаған, кейін осы жанжал басталған. Бұл ер адам осы ауданның тұрғыны, бұған дейін біздің мектепте жұмыс істемеген", - деді ол. 

Гүлнұр Болаттың айтуынша, полицей қызды ұрып-соққан адамды видеоға балалар емес, сонда жүрген ересек адамдар түсірген. Сөйтсек, төбелес кезінде футбол алаңында бесінші сынып оқушылары жаттығу өткізіп жатыпты. Айтуынша, ер адам құшақтап тұрған бала оның туысы емес.  Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мектепте 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Педагог жоғары оқу орнында футболдан жаттықтырушы ретінде білім алған.  

"Оқиға кезінде жетінші сыныптың оқушылары тұрды. Олар қорқып қалып, ештеңе істей алмады. Күтпеген жағдай болды, не болғанын да білмей қалдық. Сол жақта тұрған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ер адамнан мұндай әрекет күтпегенін айтты. Кейін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ер адамды тоқтатып, алып кетті. Бұл видеоның соңында көрінеді. Біз 102-ге телефон соқтық. Бірақ ер адам полицейлер келмей жатып, үйіне кетіп қалды. Оны үйінде ұстапты. Жедел жәрдем шақырттық, сосын инспекторды ауруханаға алып кетті. Оның мұрны сынған сияқты", - деді Гүлнұр Болат.

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 сәуір 2017, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.