Атырау, 5 мамыр 11:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Полицейлер СҚО-ның су басқан аудандарының тұрғындарын көшіруде

1 556 просмотра

Фото: СҚО ІІД баспасөз қызметі
Полицейлер атқарушы билік және құтқарушылармен бірігіп, су басқан аудандардың халқына көмектесуді жалғастыруда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавлға жақын Заречный, Тепличное, Прибрежное, Хромзавод, саяжай алқаптарынан адамдар эвакуациялануда.  «Бұл аудандарда барлығы 5,5 мың адам тұрады. 276 үйді су басты. 994 адам көшірілді, оның 170-і бала, 17-сі мүгедек. Халыққа қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде», - деді ІІД баспасөз қызметінде. 

Петропавл ЖПҚ, ІІБ, Қызылжар АІІБ күштері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырды. Жолдарды торуылдау жұмыстары жүргізілуде. Баспасөз қызметіндегілер СҚО ІІД бастығы полиция генерал майоры Берік Біләловтің күндіз де, түнде де   су басқан ауданда жүргендігін  айтты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

26 сәуір 2017, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.