Атырау, 5 мамыр 05:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жас маман болған кезімде пәтерге 10 жыл кезекте тұрдым - Назарбаев

1 672 просмотра


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жас маман болған кезінде пәтерге 10 жыл кезекте тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Айта кетейік, бүгін Елбасы жоспарланбаған жұмыс сапарында елорданың оңтүстік жағалауындағы теміржол вокзалының қызметімен танысып, вокзал алдында қала тұрғындарымен және қонақтарымен кездесті. Ол "Сарыарқа" ауданының тұрғындарымен әңгімелесіп, сәттілік пен бақыт тіледі, сондай-ақ қаладағы коммуналдық қызметтердің жұмысы жайлы пікірін сұрады.  

"Жас маман болған кезімде, пәтерге 10 жылға таяу кезекте тұрдым. Қазір заман басқа. Күш салмай ештеңеге қол жеткізе алмайсың. Сәттілікке жету үшін, тер төгіп, еңбектену керек, нәтижесінде еңбектің жемісін көресіздер", - деді Қазақстан Президенті "Сарыарқа" ауданының тұрғындарына.

Дереккөз: Tengrinews.kz


25 сәуір 2017, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.