Атырау, 5 мамыр 01:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Денсаулық сақтау министрлiгi Google компаниясымен әрiптестiк орнатпақ

1 511 просмотра

Фото: Baq.kz
Жақында Google тұмау эпидемиясын 10 күн бұрын анықтайтын және онкология ауруын алдын ала анықтайтын құрал ойлап тапты. Осыған орай, ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Google компаниясымен алдағы уақытта жұмыс iстеудi көздеп отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрi Елжан Бiртанов (суретте) Үкiметте өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазiргi күнде бiз Денсаулық сақтау министрлiгi тарапынан бiрнеше халықпралық IT компаниямен жұмыс iстеп жатырмыз. Олардың арасында IBM компаниясы бар, сондай-ақ, бiз премьер-министрдiң тапсырмасы бойынша Google компаниясымен жұмыс жасай бастаймыз», - дедi Бiртанов.

Министрдiң айтуынша, қазiргi кезде дүниежүзiнде түрлi жаңа технологиялар енгiзiлiп жатыр. Қолдан жасалған интеллект саласы дамып келедi. Мысалы, Google компаниясының бiрнеше коммерциялық жүйеде енгiзiлген технологиялары бар. Сол технологиялар интернеттегi түрлi ақпаратқа талдау, зерттеу жасап, мамандарға ұсыныс ретiнде кейбiр шешiмдердi көрсетедi.

«Қазiргi тада көп адам Google-ға кiрiп, тұмаудың қандай белгiлерi бар, қандай емi бар деп iздеп, ақпаратты зерттеген. Осылайша, технология бiзге аурудың басталып келе жатқанын айтқан. Басқа технологиялар да жеткiлiктi. Мысалы, өткен айда Google компаниясы онкология саласында жаңа технология енгiздi. Бiз онкологияға диагноз қою ең күрделi екенiн бiлемiз. Онкология биопсия арқылы анықталады. Дегенмен, қазiр жаңа технологиялар суреттерге анализ жасап, диагноз қоюда дәрiгерлерге көмектесiп жатыр. Бiз осы технология бойынша өткен аптада Назарбаев университетi негiзiнде бiр компаниямен кездесу өткiздiк. Жақында пилоттық режимде осындай жаңа технологияларды бiз де енгiзе бастаймыз», - дедi Е.Бiртанов.

Дереккөз: Baq.kz 

25 сәуір 2017, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.