Атырау, 13 мамыр 16:08
 ашықВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Шенеуніктер Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға: Өмір сүруге болады

Бейнежазба
2 742 просмотра


Ақтөбедегі Кривое озеро массивінің су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары "Диапазон" басылымына төтенше оқиғадан кейінгі жағдайларына шағымданды. 

"Менің үйімді су басты. Су тасқынынан кейін екі баламмен бірге ауруханада жаттым. Енді бізді ауруханадан шығарды, баратын жерім жоқ. Мұнда (су астында қалған үйіне) қайтып келгім келмейді, су белімізге дейін жетіп тұр. Онда қалай тұрамын?", - деді жергілікті тұрғын Жансая Аманжолова. 

Әйел тұрғын үйге келтірілген залалға баға беретін комиссия мүшелерінің оған бұл үйде тұруға болады деп айтқандарына ашулы екен. Толығырақ басылымның видеосюжетінде айтылады.


Ал "Ақтөбе Таймс" басылымының мәліметінше, Ақтөбедегі "Госветсеть" аумағын су басқаны соншалық - тұрғындар заттарын лақтырып, үйден жүгіріп шыққан. 

"Біздің үйлерге су жақындап келе жатыр дегенде біз барлық бағалы заттарымызды жинап, шкафқа салып қойдық. Шкаф су астында қалады деп ойлаған да жоқпыз. Содан балаларды алып шықтық. Құжаттарымызды да алдық. Біздің үйлерді жыл сайын су басады, бірақ мұндай жағдай алғаш рет болып тұр. Үйде енді теледидар, тоңазытқыш, диван, тігін машинасы, барлық қысқы киіміміз...", - деді Құндыз Байтұрлиева. 

Оның айтуынша, олардың үйі саманнан салынған. "14 сәуірде су біздің үйге жақындап қалды. Өзімізбен бірге ештеңе де алмадық. Бүкіл тұрмыстық техника үйде жүзіп жүр. Сол кезде құтқарушыларда тек бір қайық болды. Эвакуация кезінде тұрғындар өзімен бірге заттарын алып шықпақ болды, бірақ құтқарушылар оған мүмкіндік бермеді. Себебі қайықта онсыз да бос орын болмады", - деді Анар Әбілдаева. 

"Он жыл бұрын үйіміз судың астында қалып, қираған болатын. Ол кезде күйеуімнің денсаулығы да жақсы еді. Өзі қайтып үй салды. Ал қазір қайтадан су астында қалдық. Екі баламмен әзірше мектепте бола тұрамыз, басқа қайда барамыз. Күйеуім осы жағдай туралы естігенде қысымы көтеріліп кетті. Бұрынғы үйімізге қайтып барғымыз келмейді", - деді Жансұлу Садирова.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


24 сәуір 2017, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.