Атырау, 12 мамыр 16:23
 ашықВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Сағадиев қызды педофилден аман алып қалған оқушыға хат жазды

2 660 просмотра

Фото: Фото: kursiv.kz
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматы облысындағы оқушыға алғыс хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сағадиев 8 жастағы қызды педофилден аман алып қалған 11 сынып оқушысына алғыс білдірді. Бүгін ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Еңбекшіқазақ ауданындағы Қонаев атындағы мектептің оқушысы Тимурбек Жамаладдиновке министр атынан алғыс хатын табыс етеді.  Министрлік өкілдері оқушының батылдығын атап өткен. 

"Құрметті Тимурбек Тахиругли! Саған адам өмірін сақтап қалған батыл әрекетің үшін алғыс білдіремін. Сенің көрсеткен ерлігің өскелең ұрпаққа үлгі боларына сенімдімін. Алдағы үлкен өміріңе сәттілік пен үміттеріңнің ақталуын тілеймін. Алда еліміздің жарқын болашағына үлес қосатындардың қатарынан болатыныңа сенемін", - делінген хатта. 

Еске салайық, 14 сәуірде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 11 сынып оқушысы Тимурбек Жамаладинов 8 жастағы қызды педофилден аман алып қалған болатын.  32 жастағы күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Дәрігерлер қыздың бас миының шайқалғанын, бас сүйек миының жабық жарақаты мен көз қарашығының жарақатын тіркеген. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


21 сәуір 2017, 10:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.