Атырау, 11 мамыр 13:32
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

ҰҚК Қазақстанның екі облысында арнайы операция жүргізді: 11 адам ұсталды

2 543 просмотра


2017 жылғы 20 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында Ішкі істер органдарын тарта отырып арнайы операциялар жүргізді, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметі.

"Қазақстанда тыйым салынған "ДАИШ" халықаралық террористік ұйымын қолдауға шақырғаны және оларға қатысты материалдарды таратқаны үшін 4 радикалды топтың іс-әрекеті бейтараптандырылды", - делінген ҰҚК хабарламасында. 

Сондай-ақ, терроризмді насихаттау және діни алауыздық тудыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары шеңберінде 11 адам ұсталғаны хабарланып отыр. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту, куәлардан жауап алу және басқа да тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: ҰҚК Баспасөз қызметі


21 сәуір 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.