Атырау, 12 мамыр 14:59
 ашықВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Әйтімова: Сіздер депутаттарды сынағанды жақсы көресіздер, ал оларды кім сайлады?

1 728 просмотра


Сенатор Бірғаным Әйтімова лайықты депутаттарды сайлауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, кеше Назарбаев Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша мемлекеттік бағдарламаны іске асыратын ұлттық комиссияны құруға жарлық берген болатын.

Ал Бірғаным Әйтімованің айтуынша, депутаттардың санасын жаңартудың қажеті жоқ. "Депутаттардың сана-сезімі бар, санасы жоқ депутаттар бізде жоқ. Бізге алға қарай жылжу керек, өз мүдделерімізді батылырақ қорғау керек, жалпы еліміздің мүддесін қорғау керек. Депутаттарды сынға алғанды жақсы көресіздер, ал енді мен сіздерге бір сұрақ қояйын: оларды кім сайлады сонда? Сайлаушылар сайлады ғой. Сіздер сенаторларды мәслихат арқылы сайлайсыздар - міне, сіздерге. Онда лайықты болатын адамдарды сайлаңыздар. Меніңше, халық лайықты депутаттарды сайлады",  - деді Бірғаным Әйтімова. 

Сенатордың айтуынша, ұлттық комиссияның басты мақсаты - тек жастардың патриотизмін емес, бүкіл халықтың патриотизмін дамыту. "Меніңше, әрбір адамның өз Отаны үшін жауапты екенін сезіну, адамгершілік, адалдық, адами құндылықтарды сезгені маңызды. Осының барлығын қайтару керек", - деді депутат.

Дереккөз: Tengrinews.kz


20 сәуір 2017, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.