Атырау, 11 мамыр 16:54
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Бұрынғы қазақ-түрік лицейлеріне қабылдау шарттары өзгерді ме?

3 118 просмотра


«Білім-инновация» лицейлері деп атын ауыстырған бұрынғы қазақ-түрік мектептеріне 6-шы сыныпты бітірген оқушыларды қабылдау емтихандары 30 сәуір күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Білім-инновация» қорының президенті Дархан Өтенің сөздеріне сілтеме жасай отырып. 

Дархан Өте «ҚазАқпарат» тілшісіне берген жауабында қазақ-түрік лицейлері «Білім-инновация» болып атауы жаңарғанымен оқушыларды қабылдау емтихандары бұрынғысынан көп өзгермегенін мәлім етті. 

Оның айтуынша, «Білім-инновация» негізінен жүйені жетілдіруге бағытталмақ.  «30 сәуір күні оқуға қабылдау емтихандары басталады. 21 мамыр күні екінші кезең болады. Онда үздік оқушылар анықталады», - деді Дархан Өте. 

Лицейге түсу үшін оқушылар математика, логика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі сынды 4 пәннен емтихан тапсырады. Екі кезеңде де оқушылар осы пәндерден сынақтан өтпек. Бірақ, екінші кезеңде бірінші кезең қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған үздік оқушылар іріктеліп алынады. Бірінші турда 60 сұраққа 100 минут беріледі. Екінші кезеңде 75 сұраққа 120 минут беріледі. 

Дархан Өтенің айтуынша, былтыр 25 мың адам емтихан тапсырып, 1 863 оқушы іріктеуден өткен. Яғни, 1 орынға 14 адам таласқан. Лицейлерде сабақ қазақ және ағылшын тілдерінде оқытылады. Мұнымен қатар, оқушыларға «Мәңгілік Ел» бағдарламасының негізі идеялары түсіндірілмек. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

19 сәуір 2017, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.