Атырау, 12 мамыр 02:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Косарев Үкiметтің жұмысы жайлы: Көктем келiп, бәрiмiз жүзiп кеттiк

1 594 просмотра


Бүгiн Мәжiлiстiң жалпы отырысында депутат Владислав Косарев ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаевқа елiмiздiң бiрқатар өңiрiн су басуы бойынша депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Бiз елiмiздiң бiрқатар өңiрiнде су тасуына байланысты сауал жолдап отырмыз. Бұл туралы БАҚ-та көптеген ақпарат тарап жатыр. Бiзге Үкiметтiң жергiлiктi атқарушы органдармен бiрiгiп төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шараларды қабылдап жатқаны белгiлi. Олардың ауқымды ақпараттық жұмысты атқарып жатқаны да мәлiм. Дегенмен, соңғы бiрнеше жылда елдi мекендердi су басу, жолдарды су шаю жағдайы, оның үстiне адамдардың өмiрiнің қиылуы оқиғалары жүйелi түрде қайталанып тұрады. Осы жолы да солай болды. Бiз қыс бойы сан түрлi жиналыстар, жиындар мен селекторлық отырыстардың өткенiне куә болдық. Осы жиындарда басшылар су тасқынына толық дайын екендiгi туралы тұрақты және уақытылы түрде есеп берiп отырған болатын. Олар қардың шығарылғаны жөнiнде, су қоймасы бөгеттерiн күшейту жұмысы жайлы есеп берiп отырды. Бiрақ, көктем келiп, барлығы жүзiп кеттi. Үкiметке жыл сайын республикалық бюджеттi қарау кезiнде сұралған қажеттi қаржы бөлiнедi. Жыл сайын су тасу тұрақты түрде қайталанып, үйлерiн су басқан адамдар қиын жағдайларға тап болады. Бұл жауапты мемлекеттiк органдарда ешкiм өзендегi су деңгейiнiң көтерiлетiнiн, ерiген қардың мөлшерiн, iрi су ағындарын болжай алмады деген сөз», - дедi Косарев.

Депутат биыл да Ақмола облысындағы Атбасар ауданы, Красный яр мен бiрқатар ауылда жағдайдың қайталанып отырғанын айтып, Астана су қоймасының мүшкiл жағдайын да сынға алды. Осылайша, Косарев ҚКХП депутаттары мен барлық халық қалаулыларының атынан премьер-министрге сауал жолдады.

Еске салсақ, елiмiздiң Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай мен Ақмола облыстарын су басып жатыр. Тiптi елорда iргесiндегi бiрқатар елдi мекенге де бiрнеше күн бойы су кiрiп, тұрғындар үйлерiн құтқарып қалуға тырысуда.

Дереккөз: Baq.kz

19 сәуір 2017, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.