Атырау, 11 мамыр 12:27
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Билік қайда қарап отыр? - Су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыздың жанайқайы

Бейнежазба
2 543 просмотра


Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккен 10 жастағы қыз билікке үндеу айтты, - деп хабарлайды "Диапазон". 

Ешімовтар отбасы су тасқынынан баспанасынан айырылып отыр. Шешесі Тұрғангүл Ешімованың айтуынша, күйеуінің жүрегі әлсіз және ол үйінің қирап қалғанын әлі көрмепті. Басылымның мәліметінше, әйелдің кенже қызы Махаббат № 36 мектебінің төртінші сынып оқушысы екен. Ол мектеп формасынан, оқулықтарынан да айырылып, табиғи апаттан есеңгіреп қалған. 

"Барлық кітабым үйде қалып қойды. Жоғалды. Билік қайда қарап отыр. Кітабымды қайтарған жоқ. Әкем кезекте жылдап тұрады, не пайдасы бар? Барлық затымыз сонда қалып қойды. Оқуыма алаңдадым, енді үйімізден де айырылып қалдық. Неге біз мұнда тұруымыз керек дейсіздер? Еңбегімізбен салған үйіміз еді", - дейді қыз видеода.  Қыз билікті лайықты көмек көрсетпеді деп айыптап отыр. "Оқулық жоғалтсақ, қанша төлейтінімізді ескертіп айтқан. Неге сонша қинай береді? Көмектесер болса, құм алып келуі керек еді. Үйді тиындап ақша жинап, салған едік, су шайып кетті. Суға кетіп жатырмыз. Неге көмек жылдам келмеді? Әкемнің жүрегі ауырады. Кезекте тұрады, дәріге кезекте тұрады. Адамдарды аямайсыздар!", - дейді төртінші сыныптың оқушысы. 

Дереккөз: Tengrinews.kz


19 сәуір 2017, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.