Атырау, 15 қазан 21:22
 ашықВ Атырау +7
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Атбасарда су шайып кеткен бөгеттің құрылысына 200 млн теңге бөлінген

1 618 просмотра


Ақмола облысы Атбасар қаласындағы су бөгетінің құрылысына жергілікті билік тарапынан 200 млн теңге бөлінген. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа Атбасар қаласындағы су шайып кеткен бөгеттің құрылысына қанша ақша бөлінгендігін сұрады.

«Атбасар қаласындағы жағдай бойынша. Су бөгетінің құрылысына қанша ақша бөлінді? Құрылысты қандай мердігер компания жүргізді? Құрылысты жүргізу бойынша актіні қай компания қабылдады», - деді ол.

Бұл сұраққа Ішкі істер министрі былайша жауап берді.

«Су бөгетінің құрылысына жергілікті билік тарапынан 200 млн теңге бөлінді. Олар тиісті құрылыс жұмыстарын жүргізген. Қазіргі таңда біз қылмыстық іс қозғап жатырмыз. Мердігер компанияны тексереміз. Сараптама жүргізетін боламыз», - деді Қалмұханбет Қасымов.

Дереккөз: Baq.kz

18 сәуір 2017, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.